Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылдың басында «Астана Innovations» АҚ базасында Астана қаласы әкімдігінің жобалау кеңсесі құрылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
11 қаңтарда әкімдіктің жалпы жиналысында Астана қаласы әкімдігінің жобалау кеңсесінің тұжырымдамасы таныстырылды.
«Астана Innovations» АҚ Астана қаласы әкімі аппаратының қолдауымен жобаларды басқару әдістемесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.
Жобаларды басқару әдістемесі жобаларды басқарудың озық тәжірибесіне негізделген және жергілікті жағдайларды ескере отырып Астана қаласы әкімдігінің мамандарына арнап әзірленген.
Қаңтар айынан бастап ақпан айына дейінгі кезеңде әкім аппаратының, әкімдік басқармаларының және ведомствоға қарасты ұйымдардың 140-тан аса өкілі оқытылды.
Қазіргі уақытта әкімнің аппараты «Астана Innovations» АҚ-ымен бірлесе отырып Астана қаласы әкімдігі жобаларының портфелін жасақтады.
Жобалар портфелі келесі басымдықты бағыттар бойынша 160-тан аса жобадан тұрады:
1) ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық бойынша жобалар;
2) Астана қаласын дамыту бойынша жобалар;
3) Астана қаласын смарт-сити ретінде дамыту бойынша жобалар.
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық бойынша жобалар пакетінде 50-ден аса жоба тіркелген, олар бойынша нақты міндеттер қойылып, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі басталғанға дейін іске асыру мерзімдері белгіленген.