Қазақстандық сарапшы Ағаділдә Қасенов «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч жайлы ой бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Еліміздің қос мықты командалары ойнайды. Сондықтан матчтың тартысты өтетініне күмәнім жоқ. Егер ауа райы қолайлы болса, стадионға біраз жанкүйердің келері анық. Мұндай матчта нақты бір команданың жеңісіне сенім арту қиын. «Қайрат» өз алаңында ойнағандықтан, жанкүйерлерінің қолдауы көмегін тигізері белгілі. Өткен маусымдағы сәтсіздіктерінің орнын толтырады деген ойдамын. Меніңше, 2:1 есебімен «Қайрат» жеңіске жетеді», – деді сарапшы.
«Астанадан» Рохер Каньяс кетті. Бұл да кері әсерін тигізбей қоймайды. Команданың өткір шабуылдары көбіне осы колумбиялық футболшыдан бастау алатын. Әсіресе, қорғаныс пен шабуылды жалғастыратын бірден бір маңызды ойыншы болатын. Оның орны ойсырап тұрады. Бірақ футболдың аты футбол. Күтпеген жайттардың да болып тұру қалыпты жағдай. Бәлкім, Иван Маевский өзін жақсы қырынан көрсетіп қалар», – деді ол.
«Каньястың соңғы маусымда сәтсіз өнер көрсетіп жүргені байқалды. Елордалықтар оны жалға беріп, дұрыс қадам жасады. Ал Маевскийдің қаншалықты білікті ойыншы екенін уақыт көрсетеді. Станимир Стойловтың үмітін ақтайды деген ойдамын», – деді Қасенов.
«Қайрат» трансферлік уақытта қажет ойыншылармен толықты. Жеңіске деген құлшыныстары да байқалады. Алматылықтар биыл ел чемпионатында топ жарады деп ойлаймын. Чемпион атанатын кезі келді», – деді ол.
Айта кетейік, қос команда 4 наурыз күні Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. Матч Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
• 02 Наурыз, 2017
Сарапшы «Қайрат» пен «Астананың» Суперкубок финалындағы кездесуіне болжам жасады

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35