02 Наурыз, 2017

Ұлттық музейде Елбасы Жолдауы талқыланды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Ұлттық музейде «Елбасы Жолдауы: Қазақстанның жаңа даму бағдары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басым бағыттары талқыланып, көпшілікке жеткізу мақсаттары жөнінде сөз қозғалды. Жолдаудың мәдениет саласына қатысты тұстары баса назарда ұсталып, Ұлттық музейдегі жаңа технологиялардың қажеттіліктері мен тиімділіктері қызу талқыға түсті. «Бұл өзгеріс, бұл жаңғыру біздің мемлекетіміздің алдындағы жаңа белес және Тәуелсіз мемлекетіміздің алдына қойылған заман талабы десек те болады. Бұл Жолдауды біз жай ғана дөңгелек үстелдерде талқылап қоймай, талаптар мен міндеттерді орындауға талпынуымыз керек», – деді ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Жәкен Таймағамбетов. Ал «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғар: «Мен осы Жолдаудағы адам факторы, яғни, адам капиталы деген тұсқа тоқталғым келіп отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің көпшілігінде осы мәселеге баса назар аударылады. Яғни, білімді азаматтар, сапалы мамандар дайындау. Осы орайда біз де ұлттық қасиеттерімізді дамыта отырып, халқымыздың сапасын арттыруымыз керек. Және бұл мемлекеттің бағдарламасы болғанымен, сапалы маман болып қалыптасу өзіміздің қолымызда. Мемлекет бізге үміт артады», – деп жас мамандардың алдына үлкен мақсаттар қойды.