03 Наурыз, 2017

Орынсыз шектеулер – өндіріске қолбайлау

141 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласындағы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ауыл шаруашылығы техникасын құрастырып шығаратын кәсіпорын қазіргі уақытта Беларусь және Ресеймен бірлесіп, түрлі құрал-жабдықтар шығарып келеді. Бұл кәсіпорынның ашылу салтанатына өткен жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып, Қазақстанның солтүстік аймағының астықты өңірлерінің ауыл шаруашылығы үшін қажетті техника мен түрлі жабдықтардың шығарыла бастауын агросекторды ілгері дамытуға жаңа серпін беретіндігін атап өткен болатын. Біз өңірлерде сапарда бол­­ғанымызда, осы кә­сіп­орын­ның жұмысымен жа­қы­нырақ та­ныстық. Қазірдің өзінде 1,5 миллиард теңгенің ин­вес­­тициясы тартылып, жо­­ғары технологиялы жаб­дық­­тар сатып алынған. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын басынан бастап, жоғары дең­гейде шығаруды қолға ал­ған еліміздегі бірден-бір өн­діріс орны. Осы кәсіпорынның бас­шы­­­ла­рымен, мамандарымен, жұ­мыс­шылармен пікір ал­­­масу ба­рысында олар Қаз­ақ­стан Рес­публикасы ин­вестициялар және даму министрлігінің «Арнайы ин­вестициялық жобалар ая­сын­дағы инвестициялық пре­фе­ренция мен оларды тір­кеу тәртібі» және «Арнайы тип­ті инвестициялық келісім- шарт­т­арды бекіту ту­ра­лы» бұй­рықтарының жо­ба­­­сын­дағы бос тұрған қой­ма­­лардың ие­ле­ріне оларды 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеуден өт­кі­зу жө­нін­де қойылып отырған шек­­теу­дің талабын алып тас­тау­ды өтініп, осы мәселеге де­пу­тат­тардың да назар ауда­руын сұ­рады. Бұл шектеу кә­сіп­орын­ды Кеден одағы және алыс-жақын шетелдердің өзге де тауар импорттаушылары мен тауар өндірушілері алдын­да теңсіздік жағдайға тіреп отыр­ған көрінеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, кәсіпорындарға мем­лекеттік қолдау көрсетудің белгілі бір мерзімнен «не бұрын, не кейін ашылған» деп мұндай шектеу қою жоқ екен. Егер де осы талап өз кү­шінде қалатын болса, кә­сіп­орын қазіргі уақытта өн­ді­рісте жұмыс істеп жүрген 100-ден астам адамды қыс­қар­туға мәжбүр болып, шы­ға­ра­тын техниканы тек қана шет­­ке жөнелтумен ғана айн­а­лыс­пақшы. Осыған орай, Инвес­ти­ция­лар және даму министрі Ж.Қасымбекке депутаттық сауал жолдап аталған мәселені те­реңірек зерделеп, отандық кә­сіп­орын ұжымының ұсы­ныс­ының оң шешілуін қа­ра­с­тыруын өтіндім. Сауалды әріп­те­сім Рашит Әкімов те қолдап, қо­лын қойды. Министр бұл мә­селені тереңнен зерделейтін шығар деген үмітіміз бар. Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Сенат депутаты