04 Наурыз, 2017

Жасыл технологиялардың болашағы зор

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2015-2016 жылдар аралығында G-Global халықаралық хатшылығы «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ-мен бірігіп, жасыл технологиялар орталығын ашу туралы бастама көтерген болатын. Бүгінгі таңда елімізде осындай 7 бірегей орталық қызмет етеді. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Кеше Орталық коммуни- кациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова мен өңірлердегі ЖТО жетекшілері орталықтардың басты мақсаттары мен атқаратын негізгі қызметтері жайлы әңгімеледі. Басқарма төрайымының айтуынша, бү­гінгі таңда коалиция – Қазақстанның жа­сыл экономикаға көшуі жөніндегі тұ­жырымдамасы мен «Жасыл көпір» әріп­тестік бағдарламасын іске асыруға, сон­дай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін өткізуге қолдау көрсетуге ба­ғыт­талған «жасыл» бастамалар мен жо­ба­лардың ауқымды жүгін арқалаған елі­міз­дегі жетекші қоғамдық ұйым. «2015-2016 жылдардың өзінде «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы елі­міз­­де 20 мың адамды қамтыған 100-ден аса іс-шара ұйымдастырды», деді С.Ра­қым­бекова. Алғашқы жас технологиялар орта­лы­ғы 2015 жылы қыркүйек айында Аршалы ауданының Арнасай ауылында ашылған болатын. Оның басшысы Татьяна Немцанның айтуынша, бүгінгі кү­ні аталған орталық қабырғасында ел­дің барлық өңірлерінен, сондай-ақ, шетел­ден келген қатысушылар үшін білім алу­ға мүмкіндік бар. «Мұнда қатысушылар 35 «жасыл» тех­нологияның іске асырылуымен таныса алады. 2015-2016 жылдар аралығында бар­лығы 4000-нан астам адам білім ал­ды», деп атап өтті Т.Немцан. 2016 жылы Алматы облысының Қарасай батыр ауданында «EcoFermer» білім орталығы» ЖШС-мен бірлескен «EcoFermer» шаруа қожалығы базасында аттас жасыл технологиялар орталығы ашылған болатын. «Мұнда фермерлер, саяжай ие­ле­рі, жылыжай жұмыскерлері, ауыл тұр­ғын­да­ры оқу курстарынан өтеді. Аталған ор­талықты құрудағы мақсат – адамзат пен та­биғатқа залал келтірмей, шығындарды қыс­қартып, табысты арттыра отырып, «жасыл» технологиялардың жұмысын тә­жірибе жүзінде көрсету. Мұнда био­г­азды жабдықтар, күн энергетика­сы, калифорниялық құрттардың кө­ме­гі­мен органикалық қалдықтарды қай­та өңдеу жаб­дықтары орнатылған. ЖТО қыз­ме­ті­нің негізгі бағыттары: эко­құ­­рылыс, ба­­­ламалы энергия көздері, фер­мерлік, мал шаруашылығы, өсім­дік ша­руа­шы­лы­ғы, омарташылық, био­ба­қы­лау және та­ғы басқалары», деп мәлімдеді «EcoFermer» ЖТО жетекшісі Денис Тен. 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қостанай қаласында «Золотой фазан» керуен сарайының демалыс базасында «Жасыл тәжірибелер алқасы» қоғамдық бірлестігінің білім тарату орталығы өз жұмысын бастады. «Бүгінгі таңда аталған демалыс базасы Қостанай облысындағы жасыл тех­но­логияларды тарату мен қол­да­ну­дың сы­­нақ алаңы болып табылады. «Жа­сыл тә­­жірибелер алқасы» қоғамдық бір­лес­ті­гі­нің басты мақсаты өңірде жасыл энер­гия­ны енгізу мен дамытудың тұ­рақ­ты ай­мағын құру болып табылады», деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ЖТО жетекшісі Галина Шнайдер. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»