Промоутер Том Леффлер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головикиннің (36-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді.
«Өткен жылы WBC желісі бойынша Альвареспен, WBA жолында Джейкобспен міндетті жекпе-жек өткізу керек болғандықтан, басқа ешнәрсеге көңіл бөле алмадық. Соның салдарынан небәрі екі-ақ кездесу өткіздік. Ал Головкин жыл сайын үш-төрт мәрте рингке шығып үйреніп қалған», – деді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.
«Менің басты жұмысым – бәрін алдын ала жоспарлап отыру. Ал GGG биыл кемінде үш рет айқас өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ бұл Джейкобсты назардан тыс қалдырдық деген сөз емес. Геннадийдің қазіргі уақыттағы бар ойы Дэнни жайлы. Себебі, 18 наурызда жеңіске жетпесе, бәрі құрдымға кетпек. Бүгінгі күнімізге жету үшін көп еңбектендік. Оның үстіне айқасқа шақырған боксшылардың көбі уәделерінен айнып қалып жататын сәттер болып тұрды. Сондықтан кішкене ғана салғырттығымыз жоспарымыздың күл-талқанын шығарады. Мәселен, баскетболда жеңіліп тұрып та чемпион болуға мүмкіндік бар. Ал бокста бәрі керісінше. Бір ғана жеңіліс қолыңда тұрған атақтың бәрінен айырады. Мұндай кезде Джейкобс орта салмақта ең мықты боксшы атанып кетеді», – деді Леффлер.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.
• 06 Наурыз, 2017
Головкин Джейкобстан жеңілсе, барлық атақтан айырылады – промоутер

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55