06 Наурыз, 2017

Қанат Ислам допинг үшін спорттан шеттетілген Арман Оспановқа қолдау білдірді

225 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кәспқой бокста бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері Қанат Ислам ережесіз жекпе-жектен Қазақстан атынан шығып жүрген Арман Оспановқа қолдау білдірді. «Арман, сен қазақтың батырысың! Сен чемпионсың! Оны қаншама рет дәлелдедің. Әлемдік додаларда ел намысын қорғадың, көк туды желбіреттің. Қазақтың жұдырығы ауыр, жігері мықты, намысты ұлт екенін мойындатқан жаужүрек спортшысың. Ринг сыртында да күрес бар. Бұл айқаста да жауырының жерге тимейтініне сенемін. Шын мықтыға түрлі сынақтар келеді. Бұл жерде де қасқайып тұрып беру керек. Бұл жерде де еңсені тік ұстау керек. Мойымау керек. Әлемдік аренада әлі де ұлттың абыройын асқақтатып, туын желбірету үшін саған бұл сынақты да жеңу міндет. Өзің үшін емес, артыңнан еріп келе жатқан, еліктеп жүрген інілерің үшін, ұлтыңның келешегі үшін саған тоқтамау керек. Әлсіздер ғана әр сөзге алаңдап, кім не деп жатыр деп жалтақтап жүреді. Сұңқар биікте самғайды. Сен батырсың. Өзіңнің орның бар. Оны ешкімге берме! Мықты екеніңді әлі талай дәлелдейсің. Ол күн де алыс емес! Мен саған сенемін!", - деп жазба қалды Қанат Ислам өзінің Instagram парақшасында Айта кетейік, ережесіз жекпе-жектен WSOF өзінің 35-ші турниріне қатысатын спортшылардың тізімін шығарды. Бір өкініштісі, Арман Оспанов пен Стивен Родригез жекпе-жегі енбеді. Мұндай жағдайдың болуына отандасымыз Арман Оспановтың қанынан допинг табылуы себеп болып отыр. WSOF басшысы Рей Сефо қазақстандық спортшының Мароккода өткен əскери самбодан əлем біріншілігінен кейін қанынан допинг табылғанын және төрт жылға спорттан шеттетілгенін мәлімдеді.