07 Наурыз, 2017

Күкірт қышқылын өндіру көлемі артты

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Степногор күкірт қышқылы зауыты өзінің толық өндірістік қуатына жетіп отыр. Бұл жөнінде «Қазатомпром Күкіртқышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС директоры Төлеужан Жексембаев мәлімдеді. Кезінде Степногор кен-хи­мия­лық комбинаты деп аталып кел­ген кәсіпорын 2008 жы­лы өз атауын «Қазатомпром Кү­­кіртқышқылы зауытының бір­­лескен кәсіпорны» ЖШС де­п өзгерткен болатын. Со­дан бері жаңа кәсіпорын өз өн­­ді­рісін жол­ға қойып, кү­кі­­рт қышқылын сапалы етіп шы­ғара бастады. «Күкірт қышқылын өндіруді 2015 жылы бастадық. Ал былтыр зауыт толық қуатына көш­кен­нен кейін жылына 180 тонна күкірт өндіре бастадық», дей­ді Төлеужан Жексембаев. Құ­ны 13,3 млрд теңгелік инвес­ти­ция­лық жоба Қазақстан Рес­пуб­­л­икасының 2010-2014 жыл­дар­­ға арналған үдемелі ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дарламасы және еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған Ин­дустрияландыру картасы шең­берінде іске асып отыр. Кү­кірт қышқылы зауытын қайта құ­рылымдау 222 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берсе, со­лардың 97 пайызы жергілікті тұр­ғындар екендігін де айта кеткен орынды. Ал орташа айлық жа­лақы 154 526 теңге ша­ма­сында. Ақмола облысының кәсіп­кер­лік және өндіріс басқармасы ақ­паратына қарағанда, 2015 жыл­дан бері Индустрияландыру кар­тасы бойынша 13 мың жұмыс ор­ны ашылып, құны 815,2 млрд тең­ге болатын 110 жоба іске асы­рылыпты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы