Марфуға Селтеткенова әжейдің келбеті мен қимылына қарап таңғалмасқа болмайды. Тәңірі сыйлаған ұзақ жасы мен денсаулығы болар, әжейді қашан көрсең де қарағайдай болып, диванның үстінде кітап оқып отырады. Қызы Жібек апай әжеміздің кітап оқығанды ұнататынын айтады. Жас кезінде медреседе оқыған, араб харпін жақсы білетіндіктен көбіне «Құранды» түпнұсқасынан оқиды екен. Сонымен қатар, әжей шөберелері әкеліп берген кітаптарды, журналдарды қазақ, орыс, татар, башқұрт тілдерінде бірдей оқи береді.
Марфуға әжей Ресейдің Қорған облысында 1902 жылы наурыз айында туған. Оның өмірі тақтайдай тегіс болған жоқ. Замана әкелген қиындықтардың барлығын да басынан өткерді. Әжейдің шалы Ұлы Отан соғысына аттанғанда, Марфуғаны еңбек армиясына жібереді. Сиыр да сауды, астық та жинады, мал да бақты. Бейнетті көруіндей көрді. Соғыстан бұрынғы жылдары да жырғамаған еді. Ашқұрсақ әрі үреймен өткізген жылдар аз болған жоқ.
Марфуға 12 бала тәрбиеледі, оның екеуі шалының бұрынғы әйелінен қалған, бауырына салған қыздары екен. Олардан қазір 40 немере, 30 шөбересі бар, тіпті шөпшектерінің алақанынан су ішкен бақытты жан. Өскеменде тұратын үлкен қызы 97 жасқа келіпті. Өзін бағып-қағып отырған алтыншы қызы Жібек апайдың өзі жетпісті алқымдап қалды.
Бүгінде 115 жасқа толып отырған әжейді жақын білетін туыстары оның ақ көңіл, ешкімді ренжітпеген, жүрегі таза кісі екенін айтады.
– Ол үйге келген кісінің барлығына батасын беріп отырады, жас күнінен ешкімге жамандық жасамапты, тілі тимепті. Сосын анам өте еңбекқор болды. Жүзден асып кеткенде де адамдарға құран сүрелері жазылған тұмарлар істеп беретін, тігін тікті. Ол қарап отырмайды, – дейді қызы Жібек апай.
Бір қызығы, осыдан екі жыл бұрын Марфуға әже қатты ауырып, екі ай төсек тартып жатып қалыпты. Балалары анасы қайтып тұрмайтын болар деп, дайындала бастайды. «Жедел жәрдем» шақырғаны болмаса, ауруханаға да апармайды. Ал Марфуға әжей бірте-бірте беті бері қарап, жазылып кетеді де, сол тұрғаннан кейін тамақ таңдамайтын болыпты.
– Бұрын асқа талғаммен қарайтын, ет, жұмыртқа, дүкендегі шұжықты, қант жемейтін. Қазір бәрін жейді, – дейді Жібек апа күліп.
Марфуға әжей әлі ширақ. Жасы 112-ге келгенше бес уақыт намазын үзбепті. Сөзі де пысық. Ол енді бір-екі жылда 117 жасқа келсе, Гиннестің рекордтар кітабына енген жапондық Мисао Окаваны қуып жетеді. Әжейдің өзі жапондық әйелден де асып түскісі бар екен. Оның бұл арман-мақсаты негізсіз де емес, ұзақ жасау бұл кісінің анасы жағынан келсе керек. Анасы да, тағы бір нағашы ағасы да жүзден асқан көрінеді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42