07 Наурыз, 2017

Білікті мемлекеттік қызметші – ел тірегі

366 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кадр саясатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары темірқазық етіп алынады. Соған сәйкес, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған іріктеу, біліктілікті арттыру жөнінде жұмыстар қолға алынса, соның негізгісі 2017 жылдың бірінші жартысында басталған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау болып табылады. Мемлекеттік қыз­мет­ші­лер­­дің кәсіби деңгейін лауа­зы­­­мы бойынша біліктілік та­­лаптарын сай кел­ті­ру­­­ге ба­ғытталған аттестат­тау мем­ле­­кеттік аппа­ра­т­тың кадрлық әлеу­­етін объе­ктив­ті түрде ба­­­­ға­лауға жә­не ұтымды пай­­да­­­ла­нуға септігін ти­гі­­­з­е­тіні анық. Атқаратын лау­­азым­дық са­­натына сай үш дең­­гейде өткізілетін ат­тес­­та­т­­тау­дың нәтижесі мем­ле­кет­­тік қызметшілердің құ­зы­­реттілігін дамыту арқылы олар­­­дың біліктілік сапасын арт­­­тырады деген пікірдемін. С­о­нымен қатар, аталған сы­нақ нәтижесінде білімі мен еңбек тәжірибесінен бөлек, әлсіз тұс­тары анықталған қыз­мет­керлерге өз кем­­ші­лікт­ерін тү­зетіп, кәсіби бі­лік­тілігін шың­дау үшін мүм­кіндік бе­рі­леді. Қызметшілерді аттес­тат­тау кадрлық сая­саттағы жә­­­­­­не мемлекеттік бас­қару қыз­­­­­­ме­тін­дегі де­мо­кра­­тия­лық не­гіз­­дерді к­е­ңей­ту­дің құ­­қы­қт­ық құ­ра­лы және мем­­­­ле­кет­тік органдардағы мақ­­­­сат­ты жә­не болжамды кадр сая­сатын қа­л­ып­та­с­­­­тыруды іске асыру мен қам­­­тамасыз етудің ама­лы бо­лып табылады. Бұл аттес­тат­таудың үш жылда бір рет өт­­кізілген бұ­рын­ғы ат­тес­тат­т­ау­дан бас­ты­ айыр­м­а­шы­лы­ғы бар, ол – бір жолғы жә­не ке­шен­ді сипаттылығы. Мем­­лекеттік қызметшілер ар­найы авто­мат­тандырылған бағ­дарламаларды қол­дану ар­қылы нақты лауазымда тиім­ді қызмет атқаруы үшін олардың қажетті құ­зы­­реттіліктері бағаланатын бо­­лады. Ол кәсіби даярлық дең­гейін анықтау ғана емес, сон­­дай-ақ, одан әрі дамыту мен мансаптық ілгерілету үшін қызметшілердің әлеу­е­тін анықтайды. Осыған бай­ланысты, аттестаттау ко­мис­сиясының қызметшіні ж­о­ға­ры­лату туралы шешiмді қа­- бы­л­­­­дай ала­тындығы «Қазақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қызмет туралы» За­ңын­да көрсетілген. Елімізде 2011 жылы да мем­лекеттік қыз­метшілерді аттес­таттау өткен болатын. Ол кезде 14,6 мың мем­ле­кет­тік қыз­метшінің 13,3 мыңы ат­қарып отырған лауазымына сәйкес деп танылған. Бұл жо­лы бүкіл ел бойынша 65 мың мем­лекеттік қызметші аттес­тат­таудан өту­ге қатысады. Бұл еліміздің жаңа тари­хын­да бұрын-соңды болмаған жо­ғары және елеулі емтихан бол­мақ. Жалпы, мемлекеттік қыз­метші қызме­тінің тиім­ді­­лі­гін не үшін бағалау қажет? Егер қызметшілердің жұ­мыс­ы жал­пы қоғамның мұқ­тажына сәйкес кел­се, онда бұл жағдайда мемлекеттік қыз­­метшілер қыз­метінің әлеу­мет­тік тиім­ділігі жо­ға­ры бо­лады. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер қыз­ме­ті­нің тиім­ді­лігі осы тұр­ғы­дан ба­ға­ла­нады. Ал бұл, өз к­е­зе­гін­де, Қазақстан Пре­зи­денті­нің сөз­де­рінде жиі атап өті­летін ме­ритократия мен тран­с­па­рен­т­тік қағидаттарын ны­ғайту тиім­ділігінің көрінісі бо­лып та­былады. Бүгінгі таңда Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­тері және сы­байлас жем­қорлыққа қар­сы іс-қимыл агент­тігі ке­шенді ақ­па­раттық-тү­сіндіру жұмыстарын жүр­гі­­зіп, республикалық жә­не об­лыстық деңгейдегі мем­ле­­кеттік органдар аудандар мен қалалардың, сонымен қа­тар, ауылдық аумақтардың мем­лекет­тік қызметшілеріне ат­тес­­тат­тау жөніндегі ақ­па­­рат­тар­ды жеткізуде. Со­ны­мен қа­тар, бұқаралық ақ­парат құ­ралдарында да, ин­тер­нет же­лісі арқылы да мем­лекеттік қыз­мет жә­не қо­ғамдық ұйым­дар өкіл­де­рінің қа­ты­суы­мен түсіндіру жұ­мыс­тар­ы белсенді жүргізілуде. Атал­ған шаралар шеңберінде мем­лекеттік қызметшілердің ө­з­де­рін толғандырған сауалдар қой­ғанына куә болдым. Әсі­ре­се, жұмыстан босату мә­се­лесі ең жиі көтеріледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Б» корпусындағы әкім­шілік мемлекеттік қыз­мет­шілердің кешенді аттестат­тауын 2017 жылы өткізу жө­ніндегі Жарлыққа қол қой­ғаны белгілі. Бұл барлық мем­л­екеттік қызметшілерді сіл­­кін­тіп, оларды сергектікке бас­­­тады. Осылайша, Пре­зи­дент Жарлығына сәйкес аттестаттау нәтижесі бойынша біліктілігін, кәсібилігін дәл­ел­­- дей алмаған мамандарға ат­тес­таттау комиссиясы олар­ды төменгі лауазымға ауыс­ты­руға ұсыныс білдіреді. Егер мем­лекеттік органда төменгі лау­азым болмаған жағдайда, ма­ман қызметінен босатыла­ды. Ең маңыздысы, егер мем­лекеттік қызметшінің білімі өз лауазымына сәйкес кел­мей­тін болса, мемлекеттік қыз­­мет көрсету сапасы тө­мен болса, өзінің мүддесін ха­­лықтың және мемлекеттің мүд­десінен жоғары қойып, дү­­ниеқорлығын тыя алмаса, заң бұзушылық фактілерін жиі жіберсе, аттестаттау ко­мис­сиясының аталған ше­шім­ді қабылдауы дұрыс дер едім. Сондықтан, мемлекеттік қыз­метшілерге бұл мәселеге осы кезден бастап аса мән бе­ріп, мұқият болған жөн. Мен өз атымнан, мемлекеттік қыз­меттің ардагері ретінде, мем­лекеттік қызметшілердің аттес­таттаудан өтуін дұрыс әрі орынды деп есептеймін. Өйт­кені, әр мемлекеттік қыз­мет­шінің міндеті – халыққа қыз­мет ету, сондықтан мем­ле­кет­­тік қызметшілерді ба­ға­лау үшін құрылған аттес­тат­тау комиссияларының құ­рамына азаматтық қоғам өкіл­дерінің қа­тысуы өте орынд­ы жайт жә­не салмақты ше­шім деп бі­лемін. Аталған қа­­­ғи­дат­тар­дың сақталуы ең лай­ықты кадр­ларды іріктеуді, олар­­- д­ың жеке сіңірген ең­бек­терін бағалау негізінде кә­сіптік және мансаптық ілге­рі­летуді қам­тамасыз етуге ба­ғыт­тал­ған. Бұл – Елбасының жа­ңа кә­сіби мемлекеттік ап­парат құ­ру тапсырмасын орын­дау мақ­сатындағы үлкен сая­си шара. Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ, мемлекеттік қызмет ардагері ҚОСТАНАЙ