07 Наурыз, 2017

Дюкер мәселесі оң шешімін табатын болды

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әрине, мақалада ай­т­ылған фактілер нақты, дұрыс көр­сетілген. Семей қаласын ауыз сумен қамтып отырған су тазалау қондырғысы әбден тозып кеткені рас. Ол жарылып, істен шығып қалса бір емес, бірнеше мемлекеттің ауыз суы ластанады. Дюкерден шыққан лас қалдық Ертіске құйылып, өзеннің та­би­ғаты мен тіршілігіне, балық, жан-жануарлар әлеміне апат ке­леді. Республикалық газеттің кө­­теріп отырған тақырыбын қол­­даймыз. Республика тарапынан бюджетке енетін проблемалы мәселе еді, биыл облыстық әкім­діктің ұмытып кетуі салда­рынан назарға алынбаған. Нақ­ты айтсақ, Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс жә­не тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық жұмыстары ко­ми­тетінің төрағасы Бейбіт Ша­хановтың мәлімдеуінше, «2017-2019 жылдардағы рес­пуб­ли­ка­лық бюджетке бұл мә­селе жө­нінде ешқандай да ұсы­ныс об­лыс әкімдігі тарапынан түс­пе­­ген. Сондықтан да бюджетке кір­­гізілмей қалған». Осындай жауаптар алынғаннан кейін жә­не республикалық газетке жа­рияланғаннан соң да, дюкер біздің тікелей назарымызда тұр­ды. Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясының Семейдегі филиалы жыл қорытындысы бойынша өз жұмыстарын жүр­гі­зуде Астана және Алматы қала­ла­рынан кейін үшінші орынды ие­леніп отырмыз. Жақында Өскемен қаласында облыс әкі­мі Даниал Ахметовтің есебі тың­дал­ған еді, Семей қаласынан ар­найы барып, тұрғындарының аты­нан сөз алған мен ол кісіге осы дюкер мәселесіне қатысты сұ­рақ қойдым. Қалада Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкері жылдар бойы үлкен мәселеге ай­налып келе жатқанын, атал­ған мәселенің барлық тиісті ат­қарушы билік орындарда кө­те­рілгенін, проблеманың газет бе­тіне жазылғанын айтып, қашан оң шешілетінін сұрадым. Бұл сауалыма облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы дюкерге қатысты мәселенің ше­ші­мі соңғы екі жылда дұрыс табыл­май келе жатқанын, жалпы жо­баның құны әзірше 980 млн теңге болатындығын, жұмыстар келер 2018 жылы басталатынын айтты. Дегенмен, кездесу аяқталған соң, облыс басшысы бұл дюкердің келесі жылға дейін шыдамауы да мүмкін екендігін ескеріп, жөндеу жұмыстарының мейлінше тез арада басталуын тікелей назарына алыпты. Зульфия ЖАМАЛАТДИНОВА, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары