07 Наурыз, 2017

Шеттен келіп, шектен шығатындар көп

240 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Атырау аймағын Еуроодақ елдеріне шығатын дәліз деп те атауға болады. Алыс-жақын шетелдерден Ресейге ағылатын мигранттар Жайықты жағалап өтеді. Былтырдың өзінде мұнайлы өңірге келген шетелдіктердің саны 52 мыңнан асқан. «Оның ішінде 36 мың мигрант «көлеңкеден» шығарылып, 430 млн теңге салық өндірілді», – дейді облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Асан Шалқаров. Шеттен келгендердің басым бө­лігі Түркия, Өзбекстан, Қытай, Үнді­стан елдерінің азаматтары. Атап өтерлігі, шекара асып Аты­рау­ға жол тартқандардың барлығы бір­дей «тәртіпті» емес. Заң бұ­за­д­ы. Жаңылады. Өткен жылы 5 мың­ға жуық мигрант әкімшілік жау­­ап­кершілікке тартылған. Кө­ші-қон заңдарын бұзған 1 051 адам ел аумағынан шығарылып, төрт қылмыстық іс қозғалған. Қол­даныстағы заңға немқұрайлы қа­рай­тын «меймандармен» күрес жұмыстарын жүргізу үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады екен. Өткен жылы заң талаптарын сақ­тамағандарға 17 млн теңгенің үс­тін­де айыппұл салынған. Сонда да айы­лын жиғандар шамалы. Атырауда трансұлттық заңсыз ұйымдасқан топ анықталыпты. «Олар 2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың наурыз айы ара­лығында Ауғанстан Ислам Рес­пуб­ликасының азаматтарын тран­­­зит­пен Қазақстан, әрі қарай Ре­сей­­дің Мурманск облысындағы «Сол­түстік маршрут» деп аталатын Ресей-Финляндия шекарасы арқылы Ресей, Еуропалық одақ елдеріне жеткізіп отырған. Облыстық ҰҚД анықтағандай, ұйымдасқан топ шетел азаматтарын арнайы жасақталған жоспар бойынша тасымалдаған және қылмыстық топтың барлық мү­шесінің атқаратын қыз­мет­тері нақты бөлінген. Шетел аза­мат­тарын арнайы тасымалдау үшін оларды Қазақстан-Ре­сей ше­кара­сы­на жеткізетін так­си жүр­­гі­зу­ші­сін жалдаған. Қыл­мыс­­тық топ бас­шысы Р.Ж. және тер­геу­де анық­­т­алмаған Ресей Фе­де­ра­циясы мен Ауғанстан Ислам Рес­пуб­ли­­касының азаматтары болған. Сот үкімімен төрт сотталушы Қыл­мыстық кодекстің 264, 394 – бап­тары бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы Р.Ж.-ға түзеу колониясының қатаң режімінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қалған сотталушылар А.Т., К.К., О.М.-ға мүліктерін тәркілей отырып, түзеу колониясының жал­пы тәртібінде 8 жылға бас бос­тандығынан айыру жазасы та­ғ­айын­далды. Такси жүргізушісі қыз­метін атқарған тағы бір сы­бай­лас А.Б.-ға алдын ала сөз бай­ласу арқылы заңсыз көші-қон­ды ұйымдастырғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шек­теу жазасы тағайындалды», – дей­ді облыстық соттың баспасөз қызметі. Мұндай мысалдар қазақы қо­нақ­жайлыққа салып, қаперсіз оты­руға болмайтынын көрсетеді. Әри­не, отандық экономикаға шет­елдік еңбек күшін, соның ішін­де кәсіби біліктілігі жоғары ма­мандарды тарту керек-ақ. Ми­гра­циялық саясаттың да көздейтін мақсаты – осы. Шекара асып, шеттен келгендердің көп­ші­лігі мұнайлы мекендегі ірі жо­баларда еңбек етеді. Олардан жер­гілікті жұмысшылардың үй­рен­ері де, үйренгені де көп. Соң­ғы жылдары шетелдік мамандарды отандық қызметкерлермен ал­мастыру ша­ра­лары қолға алына бастады. Бұрынғыдай, бірдей жұ­­мыс іс­те­се де, шетелдік бол­ға­ны үшін жа­­лақыны асыра тө­леу деректері де азайды. Об­лыс­тық Ішкі істер де­партаменті көші-қон по­лициясы басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Болат Дос­қа­лиевтің айтуынша, Каспий маңы ау­мағында 3 958 шетел азаматы тұ­рақты тіркеуде тұр. Өткен жылы Қазақстанда тұ­ру­ға ықтиярхат рә­сім­деу үшін 490 шет­елдік өтініш бер­ген. Бір ескерер жайт – заңсыз ке­летін «қонақтар» арқылы еліміздегі тыныштық пен тұрақтылыққа сызат түсіретін қару-жарақ, оқ-дәрі, тыйым салынған әдебиет, басқа да қауіпті заттар шекарадан өтіп ке­­туі мүмкін. Соны қаперге алған Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің ше­кара қызметі Атырау шекара от­ряды мемлекеттік шекарада заң­ға қарсы әрекеттермен кезіксе, жа­қын маңдағы бөлімшелерге хабар­лау керектігін мұнайлы аймақ тұр­ғындарының назарына әркез са­лып келеді. Көші-қон заңына ен­гізілген жаңалық – азаматтарды тір­кеу де осындай қауіптің алдын алу мақсатын көздеуден туын­дағанын түсінуіміз керек. «Жаман үйді қонағы билей­ді­нің» кебін кимес үшін көші-қон са­ла­сындағы жұмыстарға әлі де жіті назар аударылуы керек-ақ. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ