07 Наурыз, 2017

Алакөл маңында 9 адам қар құрсауынан құтқарылды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Наурыз туса да, Шығыста көктемнің лебі сезілмей тұр әзірге. Кәрі құда өңірдегі жұртты әуре-сарсаңға салуын тоқтатар емес. Өткен сенбі-жексенбі күндері Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының күшімен 9 адам, оның ішінде 5 бала қар құрсауынан құтқарылды. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараттарына сүйенсек, 6 наурыз күндіз Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бөлімшесіне көмек сұраған сигнал келіп түседі. Алакөлден 15 шақырым жерде, жағалауда кенеттен соққан қатты жел мен бұрқасыннан екі автомобильге мінген тоғыз адам, оның 5-уі бала жолға шыға алмай тұрып қалады. Құтқарушылар оқиға орына дереу жетіп, жолаушылардың бұзылып қалған көліктерін жөндеуге көмектесіп, оларды Қабанбай ауылына дейін жеткізіп салады. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Суреттер ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды