07 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы қалпына келе бастады. Теңге нығаюда

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясы қорытындысы бойынша, бүгін, 7 наурыз күні доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 315,47 теңгеге дейні төмендеді. Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,16 пайызға қымбаттап, 55,92 долларға дейін көтерілді. Осылайша, өткен апта соңынан бері төмендеген шикізат құны қайта қалпына келе бастады. Айта кетейік, соңғы бірнеше айда мұнай бағасы 55 доллардың (+/- 2) айналасында құбылуда. Сарапшылардың пікірінше, бұл баға мамыр айына дейін сақталмақ. Ал мамыр айында ОПЕК ұйымы өткен жылдың желтоқсанында қабылданған мұнай өндірісі көлемін азайту келісімінің ары қарай созу мәселесін қарайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында ОПЕК ұйымы мұнай өндірісі көлемін алдағы алты айда 1,8 млн баррельге азайту туралы келісімге келген еді.