07 Наурыз, 2017

Қазақстанда отандық Vesta және XRAY көліктері сатылымға шықты

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсанның басында Өскеменде LADA-ның жаңа модельдері құрастырыла бастаған. Ал кеше, 6 наурыздан бастап ол өнімдер алғаш сатылымға шықты.

Қазіргі таңда LADA Vesta көліктері 106 қуатты мотормен және қозғалтқышг көлемі 1,6 литрмен шығарылуда. «АЗИЯ АВТО» басшылығының айтуынша, көліктің үш түрлі комплектациясы бар. Көлік құны 3.89-4.59 млн теңге аралығында.
LADA XRAY
Ал XRAY көліктерінің 1,6 және 1,8 литрлік қозғалтқышпен шығып жатқаны айтылады. Оның құны 4.0–4.8 млн теңге аралығында.