07 Наурыз, 2017

Көрермендер бас кейіпкердің "тағдырын" өздері белгілейтін болады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Америкалық Netflix компаниясы көрермендерге кейіпкердің тағдырын өздері белгілеуге мүмкіндік беретін технологияны дайындап жатыр, деп жазады Bnews.kz агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, фильмдердегі кейіпкерлердің ең маңызды шешім қабылдайтын тұстары бірнеше нұсқада түсіріліп, оқиғаның бірнеше бағыттағы желісі көрермен таңдауына ұсынылады. Көрермендер пульттегі арнайы батырманы басу арқылы бір нұсқаны таңдайтын болады. «Бұл әзірге тек сынақ. Қалай жұмыс істейтінін көрейік, егер сәтті болып жатса, телесериалдарға да осы технологияны пайдаланымыз", - дейді компания өкілдері.
Алдағы уақытта компания сериалдардағы оқиға желісін бірнеше нұсқада түсіріп, көрермендер оны шексіз көре беретіндей етіп шығаруды ойластыруда. «Интерактивті технологияны енгізгеннен кейін біз бұдан да кереметтерді қолға аламыз", - дейді Netflix президенті Рид Хастингс. Сонымен қатар, компания балаларға арналған интерактивті шоу жасамақ. Бұл өнім алғаш рет биыл көрерменге ұсынылмақ.