07 Наурыз, 2017

Астанаға 8 тоннадан астам гүл жеткізілді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 наурыздан бері Астанаға ұшақпен құны 31 миллион теңге болатын гүл жеткізілген. Мұндай деректі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Астанаға жалпы салмағы 8,6 тонна қызғалдақ, раушан, қалампыр, бақытгүл, лалагүл, гербер және орхидея гүлдері жеткізілген. Гүлдер Эквадордан, Кениядан, Нидерланд, Израиль, Литва және өзге елдерде өсірілген. Салыстырып қарағанда, 2017 жылдың бастапқы екі айында елордаға жалпы құны 13,5 миллион теңгеге 10 әуе компаниясы гүл тасымалдаған. Гүлдердің жалпы салмағы 6,3 тонна болған.