07 Наурыз, 2017

Ұлттық валюта қайта оңалып келе жатыр

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, 1 АҚШ доллары таңғы сессиямен салыстырғанда 0,53 теңгеге арзандап, 314,94 теңгеге тең болды. Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 15:50-де Брент маркалы мұнай құны 0,07 пайыз қымбаттап, 56,05 долларға теңесті. Айта кетейік, өткен апта тұрақты арзандаған мұнайдың соңынан еріп құнын жоғалтқан теңге осы апта қайта нығая бастады.