Астана билігі хрущёвкаларды сүруге кірісті. Биыл 1962 жылдары салынған қаладағы бірнеше тұрғын үй сүрілмек.
Нақтырақ айтар болсақ, Жеңіс көшесіндегі 64 үй бірінші болып сүрілмек. Қазір ғимаратты қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Үйдің кіреберісіне су кіріп, қазір тұруға жарамсыз болып қалған екен.
Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбектің айтуынша, бұл жоспарлы сүру жұмыстары. Үй ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізіліп, оның тұрғындары жаңа үйге көшкен.
"Біздің ауданда 62 апатты үй сүрілмек", - деді әкім.
Оның айтуынша, сүрілген үйдің орнына не салу керектігін сол ауланың тұрғындары шешпек. Қазір тұрғындар арасында сауалнама жүріп жатыр. Әзірге таңдау дүкен, сауық орталығы, гүлзар немесе басқа да нысан салу туралы жоба бар.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы осы аудандағы апатты 30 үй сүрілген еді.