09 Наурыз, 2017

Келешекке кең жол ашқан

136 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасының биылғы Жолдауы тәуелсіздігіміздің 25 жылында жинаған тәжірибелеріміз бен жетістіктеріміздің нәтижесін саралап, қазіргі әлемдік саяси-экономикалық үдеріспен үйлестіріп, үндестіретін кешенді бағдарламаларды қамтыған, халқымызға жігер беріп, қоғамымыздың әрбір мүшесін қуатты күшке айналдыра алатындай бағалы құжат болды. «Әлемді түгел көрсе де, ас­пан­да жұлдыз аралап, ай нұрын ұс­­тап мінсе де, қызыққа тоймас адам­­зат», деп абыз Бұқар жырау айт­қандай, жаһанда Төртінші өне­р­кәсіп­тік таңғажайып рево­лю­­ция қарқынды басталды. Қазір ақпараттық технологияның арқа­сында жұмыр Жер біртұтас ағзаға айналды. Әлемдік қоғам­дастықта мөлдір шекара ұғымы қалыптаса бастағаны белгілі. Бұл құбылыс қаржы айналымы, бизнес, жол-көлік, руханият салаларында да ашық байқалып отыр. Енді ешкім де томаға-тұйық, жеке-дара өмір сүруі мүмкін емес. Жолдауда өркениетті әлемді қам­­тыған түбірлі өзгерістер­ден өз үлесімізді, сыйлы сыба­ға­­мыз­ды бәсекеге қабілетті бол­­ған жағ­д­айда ғана ала алаты­ны­­мызға ерекше назар ауда­рыл­­ған. Осы мақсатта Елбасы мем­ле­кетіміздің билік тар­мақ­тарын, қоғамымыздың әрбір буынын түгел қозғаушы күш­ке айналдыратындай әле­уетті әдіс-тәсілдер жүйесін ұсын­ған. Жолдауда әлеуметтік-эко­но­микалық өміріміздің қам­тыл­май қалыс қалған бірде-бір сала­сы жоқ, сонымен бір­ге, әр қадамымызға нақтылы тапсыр­малар, тегеурінді қолдаулар, құнды ұсыныстар білдірілген. Айталық, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы ауыл еңбеккерлерін демеу, жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жасау, отбасылық кәсіпкерлікті қолдау секілді тамырлы сала­ларға Жолдаудың нақтылы тар­мақ­тары арналып, қиын түйін­дерді шешудің бірегей де бі­різді жоспары жасалған. Ең қуан­тарлығы, бұл құжат қазақ қоға­мының әрбір мүшесін бей­жай жүрмей, ендігіде бел­сен­ді әрекетке, тегеурінді шаруа­қорлыққа бастайтын жолдарды көр­сетіп, оны қамтамасыз ете­тін заңнамалық негіз жасауға үндеген. «Нұрлы жер» бағдарла­ма­сының да берешегі мол екені айқын. Мұнда айтылған түрлі бастамалар ауыл еңбеккерлерін жоғарыға қол жайған кейпінде емес, нағыз экоөнім өндіретін ауқатты қожайын, майталман кәсіпкер ретінде көрінетін күннің алыс емес екенін байқатады. Ана тіліміз әркім әр жаққа тар­татын даудың тұтқа­сы емес, бүгіндері БҰҰ Қауіп­сіз­­дік Ке­ңе­сінің тұрақты емес мү­ше­сі бо­лып отырған әлеует­ті елі­міз­­дің рухани тұтастығы­ның ал­тын арқауы екені Жол­дау­да ба­йып­талады. «Қазақ тілі­нің басым­ды­ғы сақтала­ды. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді» деп тұжы­рым­­далған құжатта. Білім беру жүйесін сапалық жаңа дең­гейге, әлемдік межеге көшіру қажет екенін сараптаған Елбасы «IT-білімді, қаржылық сауат­­ты­лық­ты қалыптастыруға, ұлт­жан­дылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек», деп оқу орын­дарын­да жаңа технологиялармен бір­ге, ұлттық құндылықтар жүйе­сін жас буынның санасына сіңі­ру парасатты қадам екендігін түсіндіре кетеді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапа­сының алшақтығын азайту қажеттігін атап өткен Елбасы әлемдік өркениетке ағылшын тілі арқылы төте шығуды мең­зеп, басқаның тіліне, ақпаратына бағынышты болмай, тәуелсіз елдің түлектері жаңаша таң­дау жасау керектігін, еркін көз­қараста тәрбиелену қажеттігін пайымдайды. Көптен бері айтылып жүрген біздің оқу жүйесіндегі бір сыңар­жақтық жастар арасында заң­гер, экономист, кеден ісі, қаржы мамандықтарының дипломын алған бітірушілер шамадан мол болғандықтан, жұмыссыздық қатарын жылдан-жылға көбейтіп келеді. Расында, жоғары оқу орнын бітіргенімен, жұмыссыз жүр­ген­дердің қарасы мол-ақ. Ал қоғамға, керісінше, кәсіп­тік білім иелері – шебер жұмыс­шылар, даяшылық қызметін жасаушылар жетіспей жатады және бұлардың табысы да әжептәуір емес пе?! Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру туралы шегелеп айтқан Елбасы «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бас­та­ды.Тегін оқытумен ең әуе­лі жұ­мыс­­­сыз және өзін өзі тиім­сіз жұ­­мыспен қамтыған жас­тар, сон­дай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ере­сек адамдар қамтылуы тиіс» деп қо­ғамымызды ширақ қозға­лы­сқа енгізіп, жұртымызды іскер, ша­руақор, өндіруші елге айналды­ратын алғышартты нұсқайды. Әлемдік қоғамдастықтан ла­йық­ты орын алып, дамыған 30 елдің арасынан көрінуге оңтай­лы жол ашқан бұл Жолдау Ота­ны­мыздың өсіп-өркендеуіне, хал­қы­мыздың бақуатты тірші­лік кешіп, Білге, Тоныкөк, Асан­қай­ғы атамыз армандаған Мәңгі­лік Еліміздің мәртебесі ас­қақ болуы­на алтын баспалдақ болары анық. Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты