09 Наурыз, 2017

Жауынгер жігерін жаныған

431 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Әлбетте, Отан қорғаушы дегенде есімізге алдымен ер-азаматтардың түсетіні белгілі. Дегенмен, ел басына күн туған шақта қолына қару алып, ерлермен бірге елін қорғаған арулар қазақтың тарихында қашанда көп болған. Бүгінгі бейбіт күнде де әскери қызметте жүрген аруларымыз жетерлік. №5517 әскери бөлімінің тәр­бие және әлеуметтіқ-құ­қықтық жұ­мыс­тары жөніндегі бөлім­ше ба­с­тығының көмек­шісі – пси­хо­лог лей­­тенант Айнұр Ха­ли­­лова да әскери қыз­мет­ші. Ресей Федера­ция­­сының Алек­сандр Гай қаласында дү­ние­­ге келген Айнұр бала ке­­зінен мұғалім мамандығын мең­­геріп, шәкірттерге ұстаздық ету­ді армандап өсті. Сол ар­ма­ны­ның жетегімен Орал қа­ла­сын­дағы М.Өтемісұлы атын­да­ғы Батыс Қазақстан ме­м­ле­кет­тік университетіне оқуға түс­ті. 2005 жылы университетті аяқ­тап, педагог-психолог ма­ман­ды­­ғы бойынша диплом алды. Алай­­да, тағдыр Айнұр За­қа­рия­­н­қызының маңдайына мек­тепте емес, әскерде қызмет ету­ді жазып­ты. – Орал шаһарындағы №5517 әскери бөлімінде 2010 жылдан бері қызмет етемін. Алғашқы жыл­­да штаттан тыс психолог қыз­метін атқарып, 2011 жыл­­дың ақпан айынан бас­тап тәр­бие және әлеуметтік-құ­қық­тық жұ­мыстар жөніндегі бө­лімше бас­тығының кө­мек­шісі-пси­хо­лог қызметіне та­ғайы­н­дал­дым. Психолог – күрделі де қы­зықты мамандық, ал әскерде пси­холог болу – екі есе жауап­ты іс. Этикалық нор­ма­­ларды бас­шылыққа ала отырып, әрбір әс­­кери қызметінің жан дү­ние­сін терең түсінуің әрі дұ­рыс кеңес бере білуің аса ма­ңыз­ды. Маған өз маман­дығ­ым ерек­ше ұнайды, – дейді Айнұр За­қа­рия­нқызы. Отбасын құрып, ұр­пақ тәр­бие­леп отырған А.Халилова­ның атқарып жүр­ген қыз­меті атап өту­ге лайық. Бөлім­де­гі сар­баз­дар­дың моральдық-пси­хо­­ло­гия­лық жағдайын қа­да­ға­­­лап, тұ­рақ­тылығына жауап бе­­ре­ді. Олар­ға әскери өмірге бей­­ім­­делуіне кө­мектеседі.Үй­ре­­­нісе алмай жүр­гендерімен же­­­ке сөйлесіп, туын­даған мә­се­лелерді бірге шешуге ша­қы­рады. – Әрине, әскерге жаңадан ша­қырылған жас сарбаздар түр­лі облыстардан жиналады. Сонымен қатар, олардың әр­түр­лі әлеуметтік топтардың өкіл­­дері болып табылатыны бел­гілі. Кейбір бозбалалар әс­кер­ден бұрын өз отбасынан еш­қайда шықпаған болса, тағы бі­реулері «көше» тәртібімен ержет­кен болуы мүмкін. Олардың пси­хо­ло­гия­лық жағдайлары бір-біріне қай­шы келеді. Менің міндетім – осы мінез-құлқы әртүрлі сар­баздарды тіл табыстыру, – дейді Айнұр Зақариянқызы. А.Халилова уни­­вер­ситетті бі­­тіре сала кіріскен әске­ри қыз­ме­ті­нде еңбеққор­лығының ар­қа­сында қарапайым қыз­мет­ші­ден алғашқы офи­цер­лік атақ – лей­тенант шеніне кө­терілді. Бас­­шылық тарапынан бірнеше гра­­мота мен алғыс хаттарға да ие болды. Ал №5517 әскери бөлімінің тәр­бие және әлеуметтік жұмыс жө­ніндегі бөлім командирінің орын­басары, подполковник Вячеслав Пактың айтуынша, бү­гінде қоғамда ерлермен тең дең­гейде еңбек етіп жүр­ген қыз-келіншектер аз емес. Араларында әскери шен­ді­лері де жетерлік. Аталған әс­кери бөлімде қызмет ететін Ай­нұр Зақариянқызы сынды қыз-келіншектер өздеріне көр­се­тілген сенімді толығымен ақ­тау­ға тырысады. Олар ерлер­мен тең деңгейде қызмет ат­қа­рып, көз­ге түсіп жүрсе керек. «Ару­ларымызға Халықаралық әйел­­д­ер күні мерекесінде ғана же­­ңіл­дік жасаймыз. Мұнда олар­ға сый-құрмет көрсету дәс­түрге ай­налған», – дейді Вя­чеслав Олегович. – Талай ғасырдан бері әйел­дер сезімталдықтың, нә­зіктік пен мейірімділіктің таң­ғаларлық қайталанбас бей­не­сіне айналды. Отбасының жы­луы мен жарасымы, туған үй­дің тыныштығы, махаббат пен сенім сияқты баға жет­пес құндылықтар Ана есі­мі­мен тығыз байланысты. Мен де анамын. Қызымның сүйік­ті мамандығын таңдап, ел қатарлы азамат болғанын қа­лаймын. Егер ол да әскери ма­ман­дықты таңдап жатса, бұл қалауын шын ниетпен құп­тай­мын», – дейді лейтенант А.Халилова. Сөз соңында айтарымыз, ә­с­кери бөлімде сарбаздар үшін аптаның бір күнінде ар­­на­йы «Психолог сағаты» бел­­гі­­лен­ген. Психолог саға­тын­да са­р­- баз­дармен сұхбат жүр­гі­зі­ліп, туын­дауы мүмкін жан­жал­дар­­дың алдын алу, ұжымды ауыз­­бір­шілікке жұмылдыру мақ­­са­тындағы шаралар ойлас­ты­ры­лады. Ерболат МЕРСАЙЫНҰЛЫ, подполковник ОРАЛ