The Telegraph басылымы әлем бойынша экологиялық ең таза қалалардың тізімін жариялады. Тізім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері негізінде жасалды.
Бірінші орында Швеция астанасы Стокгольм. Бұл қала 1999 жылмен салыстырғанда қоршаған ортаға көмірқышқыл газының шығарылуын айтарлықтай азайтып, 2050 жылға қарай энергетика саласында көмірден біржола бас тартпақ.
Екінші орында Веллингтон (Жаңа Зеландия) қаласы болса, үшінші орын Канберрада (Австралия), төртінші орын Оттава (Канада). Ал үздік бестікті Шотландияның Эдинбург қаласы түйіндейді.
Ең таза қалалар тізімінде үздік ондықта бұлардан бөлек Монтевидео (Уругвай), Таллин (Эстония), Хельсинки (Финляндия), Монако мен Мадрид (Испания) бар.
Ал ең лас астана ретінде Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) аталады.