Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) пен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.
Бұған дейін Головкин 10 маусымда Астанада шаршы алаңға шығатыны хабарланған. Сондай-ақ, оның қарсыласы ретінде орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы мүмкін екендігі жайлы ақпарат тараған. Эрик Гоместің айтуынша, бұл бокс кеші ұйымдастырылса, қыркүйек айында Альвареспен жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін.
«Егер Головкин Сондерспен бокс кешін ұйымдастырар болса, «Канеломен» өтетін кездесуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондерс жайлы әзірге ешнәрсе естімедім. Бірақ бұл іс орын алса, біздің жоспарымызға кері әсерін тигізеді. Себебі, Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыру біраз уақытты қажет етеді. БАҚ өкілдерімен, тағы да бірнеше тараппен келісімге келу керек», – деді Альвареспен тығыз жұмыс істейтін промоутерлік компанияның президенті RingTV-ға берген сұхбатында.
«Геннадийдің промоутері Том Леффлер 10 маусым күні шаршы алаңға шығу жөнінде ұсыныс барын айтқан, бірақ бастысы Альвареспен кездесу ұйымдастыру деген болатын. Егер Астанада өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықса, «Канеломен» айқасы кейінге шегерілуі мүмкін», – деді Golden Boy Promotions компаниясының президенті.
Айта кетейік, 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Головкин америкалық Дэнниел Джейкобспен кездессе, 6 мамыр күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» кешенінде Альварес отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.
• 09 Наурыз, 2017
Головкин ЭКСПО кезінде шаршы алаңға шықса, Альвареспен айқасы өтпей қалуы мүмкін

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Кеше