Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қарамағындағы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирестің (34-0, 24 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Геннадий Головкин бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жегі өтпей қалған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.
«Рамирес үшін Геннадиймен жұдырықтасу тиімді болар еді. Егер қазақстандық боксшы «Канеломен» ортақ ымыраға келе алмайтын болса, уақыт жоғалтпай, осы істі жүзеге асыру үшін барымызды саламыз. Бұл жөнінде оның промоутері Том Леффлермен ақылдасып та қойдық», – деді BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында.
Хильберто Рамирес бұған дейін бірнеше рет Головкинмен күш сынасқысы келетінін мәлімдеген болатын. Бірақ 22 сәуір күні Калифорнияда украиналық Максим Бурсакқа қарсы айқаста өз титулын қорғап қалуы тиіс. Ал GGG-ді 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэнниел Джейкобспен жекпе-жегі күтіп тұр.
• 09 Наурыз, 2017
Головкин Альвареспен келісе алмаса, тағы бір мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше