09 Наурыз, 2017

Австралиядағы өзеннің түсі өзгерді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурндегі тұзды өзен Күн сәулесінің әсерінен, жоғары температура мен жауын-шашынның аз болуынан алқызыл түске боялды, деп жазады ВВС Уэстгейт паркінің әкімшішігіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өзеннің түбінде өсетін балдырлар осындай ауа райында қызыл пигменттер бөледі. Мұндай жағдай Испания, Канада жеріндегі бірнеше өзенде де байқалады.

Парк қызметкерлерінің айтуынша, өзен түсінің өзгеруіне Dunalliela атты бір жасушалы балдыр әсер еткен. "Бұл балдыр табиғи өнім. Көпшілігі бұл өндірістік апаттан немесе қызыл бояу төгілгеннен болды дейді. Олай емес", дейді қызметкерлер. Ал ғалымдардың айтуынша, түсі өзгерген өзеннің суы адамға қауіпсіз болғанымен, ол өте тұзды болғандықтан, шомылмаған жөн. Бір айта кетерлігі, ауа температурасы қайта түсіп, жауын-шашын басталғанда, өзеннің суы қайтадан табиғи қалпына келеді.