09 Наурыз, 2017

Google ең танымал мобильді қосымшаларды атады

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Play Store дүкенінің бес жылдығына орай Google ең танымал мобильді қосымшаларды атады, деп жазады Mashable.

Аталған тізімде бірінші орында Facebook, екінші орында Facebook Messenger тұр. Үшінші орынға Pandora Radio интернет-радиосы жайғасса, төртінші орыннан Instagram, бесінші орыннан Snapchat мобильді қосымшасы көрінді.

  Play Store-ден жүктелген ең танымал ойындар - Candy Crush Saga, Subway Surfers, Temple Run 2, Despicable Me және Clash of Clans.