Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алдағы қарсыласы WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс жайлы ой бөлісті.
«Біздің жекпе-жегімізде нокаут тіркелетінін алдын ала болжап айта алмаймын. Бұл бокс. Дэнни керемет боксшы. Маған қарағанда күші де көбірек сияқты. Мен үшін ол қауіпті спортшылардың бірі. Қарсыластарын қыспаққа алып, шабуылға жиі шығатынын айта кеткен жөн. Өзіндік әдісі де бар, техникасы да мықты. Өз басым оны қатты сыйлаймын», – деді Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Дэнниел Джейкобс 2011 жылы ісік дертіне шалдығып, дәрігерлер боксқа қайта оралуына тыйым салған. Бірақ ауруын жеңгенмен қоймай, бүгінде орта салмақтағы үзді боксшылардың бірі атанып жүр.
Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл айқасты 19 наурызда «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше