09 Наурыз, 2017

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы қатаң бақылауда

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана әкімдігінде Татьяна Наношкинаның 7 наурызда №64 бағдардағы автобуста орын алған жағдайға қатысты өтініші қаралды. Жүргізуші М. Мырзахметовқа және кондуктор К. Өмешоваға «№ 7 автопарк» ЖШС сөгіс жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Астана әкімдігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, сервис деңгейіне және жүргзушілер мен кондукторлардың тәртібіне баса назар аударады. Оған биылғы жылдың 12 қаңтарында өткізілген көлік мәселелері жөніндегі қоғамдық тыңдау дәлел бола алады. Шара барысында халыққа қызмет көрсету мәселелері мен оларды шешу бойынша міндеттер атап көрсетілді. Осыған байланысты, 10 наурызда Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б. Игенбердиновтың жетекшілігімен барлық автобус парктерінің әкімшіліктерінің қатысуымен қабылданып жатқан шараларды талдау бойынша жиын өткізіледі. Жиында автобус жүргізушілерінің маршрутта аралықты сақтау және жол қозғалысы ережелерін бұзу сияқты өз міндеттерін орындамауы, сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету деңгейінің төмендігі сөз болмақ.