09 Наурыз, 2017

Елбасы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан Президентінің Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын айтты. Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси және экономикалық жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді. Екі ел президенттері Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.