Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігіне баланатын бас қаланың Алатау баурайынан Арқаға қоныс аударуы ел тәуелсіздігінің айғағы екені талассыз. Ерке Есіл жағасында еңсе көтерген елордамыз бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Ел өміріндегі ең елеулі оқиғалардың барлығы осында өтеді.
Ал енді ерекше екпінмен өсіп-өркендеген Астананың мәдени-рухани келбетін қалыптастыруға Алашқа аты мәшһүр қаншама аяулы тұлғаларымыз атсалысты. Өйткені, кез келген шаһардың атағын алыс-жақынға жаятын оның сәулеттік тұрғыдан сәнді ғимараттары ғана емес. Ол ең әуелі ақ ниетті адамдарымен әдемі. Халқымыздың қаймағы саналатын санаткер зиялыларымен қадірлі.
Көреген ұлт көшбасшысының тікелей шақыруымен мақтан тұтып, маңдайға басар небір марғасқаларымыз мұнда көшіп келгені мәлім. Олар тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ордасының қазығын қағысып, шаңырағын көтерісуге көп үлес қосты. Солайша Қазақстанды соны соқпақпен өркениет өріне бастаған Тұңғыш Президентіміздің игі идеяларына қызу қолдау білдірді. Өкінішке қарай, сол жақсы-жайсаңдарымыздың біразы өмірден өтіп кетті.
Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Жұмагүл Саухаттың құрастыруымен жуырда жарық көрген «Сағындырған асылдар» атты кітап қазір арамызда жоқ болса да есімдері елдің есінен кетпес Кәкімбек Салықов, Еркеғали Рахмадиев, Сәкен Жүнісов, Әзірбайжан Мәмбетов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Рымғали Нұрғали, Дүкенбай Досжан, Ақселеу Сейдімбек, Әшірбек Сығай, Нұрғожа Ораз секілді аяулы жандардың жарқын бейнелерін жадымызда қайта бір жаңғыртуға арналған. Жылы естеліктерге толы жинаққа, сондай-ақ марқұмдардың көздері тірісінде жазған мазмұнды-мағыналы мақалалары, сыр-сұхбаттары, ой-толғаулары еніпті.
Аталарымыздың айтуынша, аруақ айтқан сайын аунайтын көрінеді. Ендеше, бұл еңбектің өз міндетін мейлінше өтеп, оқырманның рухани олжасына айналарына шек келтірмейміз.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Қысқы спорт • Бүгін, 17:25
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15