Алты ай қысы бар Алтайда түз тағылары мен адамдар арасындағы мұндай кездойсақ «кездесулер» жиі болмаса да, ара-тұра болып тұрады. Бұл жолғы «кездесу» Зырян ауданындағы Путинцев ауылының маңында болды. Бірнеше көлікпен қаздай тізіліп жүйткіп келе жатқан жолаушыларды жол үстінде бұланның ұрғашысы қарсы алып, «тоқтатқан»
көрінеді. Түз тағысы көліктерден мүлде сескенбегендіктен, жолаушылар өздігінен тоқтауға мәжбүр болыпты.
– Бірнеше көлікпен демалыстан қайтып келе жатқан едік. Жол үстінде тұрған алып жануар еріксіз назарымызды өзіне аударды. Жол болғанда, құдды МАИ қызметкерлеріндей жолдың тура ортасына тұрып алыпты. Түз тағысын табиғат аясында алғаш рет көруім. Үйдің үлкендігіндей тіршілік иесіне жақындауға ешкімнің батылы бармады. Әрине, бұл көріністен алған әсеріміз керемет, бірақ қорыққанымызды да жасыра алмаймыз, – дейді бұл жайтқа куә болған Зырян ауданының тұрғыны Роман Похиленко.
Зыряндықтар бұланның бұл жүрісін сан-саққа жүгіртіп отыр. «Зырян орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкері, аңшы Василий Головцов аудан тұрғындарының «Түз тағысы қардың қалыңдығынан ашығып, адамдардан жәрдем күтіп жүр», деген пікіріне келіспейтіндігін білдіріп, көктем мезгілінде бұланның бұлай жүруі қалыпты жағдай екендігін, оған алаңдаудың қажеті жоқтығын айтты.
– Қыс уағында бұландар тау беткейінде үйірімен жайылады. Азығы мол жерлерде жүреді. Ал жазыққа олар тек көктем мезгілінде қардың көбесі сөгілген уақытта түседі, – дейді аңшы.
Түз тағыларының мінезін бес саусағындай білетін аңшы де- малушылардың бұланға жақындамағанының дұрыс болғандығын, жақындаса, жазым қылуы әбден мүмкін екендігін жасырмады.
– Бұланмен ойнауға болмайды. Бұл – күшті ғана емес, таудай ірі жануар. Әсіресе бұланның ұрғашылары ызақор келеді. Адамдарды ағаш басына өрмелетіп, мықты деген трактордың өзін зақымдаған жағдайларға талай мәрте куә болғанбыз, – деген Василий Головцов көктемнің көкөзегінде бұланды кездестіру үйреншікті дүниеге айналғанын, олардың бұл жерге жыл сайын келетіндіктерін тілге тиек етті.
Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Бұлан да, бұл аңды көліктеріне тығылып тамашалаған тұрғындар да дін аман. Түз тағысы тек бір көлікке ғана тұяғын тигізіп, қалың орманға сіңіп жоғалыпты.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Қысқы спорт • Бүгін, 17:25
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04