Қазақстан Журналистика академиясы жалпы жиналысының шешімімен қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қайсар Әлім академияның толық мүшесі – академигі болып сайланды.
Бұл атақ оған журналистика саласындағы көп жылғы үздік табыстары үшін берілді. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзінің дамып, өркендеуіне арнаған қарымды қаламгер отызға жуық кітаптың авторы. «Алашшыл жүрек», «Мұңды сапар», «Махаббат жыршысы», «Кәусар», «Мекке, Мәдинам менің!»,т.б. туындылары оқырмандар ықыласына бөленді. Оның сегіз томдық шығармалар жинағына енген хикаяттары мен әңгімелері, новеллалары мен эсселері, журналистік зерттеулері жоғары бағаланды.
Қайсар Әлімнің шығармашылығы туралы Қазақстанның халық жазушылары Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Ғафу Қайырбеков, Алаш арыстарының соңғы тұяғы атанған Гүлнар Міржақыпқызы, белгілі ақындар Серік Тұрғынбеков пен Серікбай Оспанов, Әділғазы Қайырбеков,т.б. жылы лебіз білдірген.
Бүгінде 70 жастың белесіне шалдықпай көтерілген қадірменді әріптесімізге тың шығармашылық табыстар тілейміз.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше