Алматыда Еуразия технологиялық университетінің жанынан «Start-Up академиясы» ашылды. Бұған дейін мұндай білім ошақтары Павлодар, Атырау мен Астанада да ашылған еді.
«Еуразия технологиялық университетінің жанынан құрылған «Catapult» атты Start-Up академия құру кәсіпкерлердің жаңа легін жасақтауда және отандық жаңа жобаларды дамытуға жасалған жаңа қадам. Академия АҚШ үкіметі үшін даярланған коммерцияландыру бағдарламасының авторы Томас Селуччидің әдістемесі бойынша жаңа стартаптарды іздеп, таңдап, дамытумен мақсатты түрде айналысатын болады. Start-Up академия Алматы қаласында smart-технологиялар мен инновациялардың дүниеге келуіне және кәсіпкерлік орта қалыптасуына өз үлесін қосатын болады», – дейді Еуразия технологиялық университетінің ректоры Нұржамал Дүйсенқұлова.
Жалпы, Астана, Павлодар, Атырау қалаларындағы Start-Up академияларда 2016 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан аралығында 102 адам оқып, 17 жобаға бизнес-идея табудан бастап жүзеге асырылуына дейінгі сүйемелдеу жасалған. Олардың ішінде 4 жоба инвестицияланды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше