Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Қазақстандағы Апостол Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев биыл Қазақстан мен Киелі Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті және біздің еліміздің Ватиканмен өзара іс-қимылы мен өзара түсіністіктегі жоғары деңгейі туралы ризашылықпен айтып берді.
Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының алдағы 18 мамырдағы отырысының мәселелері қаралды. Астанада 2018 жылы өтетін VI Съездің күн тәртібін қалыптастыруға Рим-католик шіркеуінің белсенді қатысуының маңызы атап өтілді. Жүздесушілер биылғы қыр-
күйектің басында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында түрлі конфессиялардың діни қайраткерлерінің қатысуымен бірлескен шара өткізу туралы әңгіме өрбітті.
Сенат Төрағасы Апостол Нунцийін біздің еліміздегі конституциялық реформа туралы хабардар етті. Ф.А.Чулликатт өз кезегінде: «Біз Қазақстандағы жаңа саяси реформаларға қолдау білдіреміз. Сіздердің елдеріңіз аймақтағы демократиялық дамудың үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Қазақстан ауқымды істер атқарды, дамуда зор жетістіктерге жетті», деп атап өтті.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше