10 Наурыз, 2017

Индустрияландыру картасы өзектендіріледі

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет Үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Отырыс барысында Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, Республикалық индустрияландыру картасын өзекті ету мәселелері талқыланды.