10 Наурыз, 2017

Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, тұман түседі

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ, жел болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артуы мүмкін. Қарағанды облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен түнде және таңертең тұман болады.