Бүгінде Польшада қазақстандық 770-тен астам студент білім алуда. Олар өз болашақтарын тек Отанымызбен байланыстырады. Сол себепті, Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына үн қосқанды жөн көрдік.
Бұл құжат еліміздің болашақ дамуына бағытталған, сол үшін қазақстандық жастар қай жерде жүрсе де оның мазмұнын дұрыс түсініп, қамтылған мәселелердің барынша тиімді жүзеге асырылғанына мүдделі.
Менің Польшада білім алып жатқаныма 4 жылға жуықтады. Польшада бүкілхалықтық сайлау арқылы билік басына келген президент, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық саладағы өкілеттіктерге ие үкімет пен басқа да атқарушы билік органдары жұмыс істейді. Польша парламентіне министрлер кабинеті мен оның жер-жердегі органдарының жұмысын қадағалап отыруға мүмкіндік берілген. Осыны назарға ала отырып, Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар еліміздің демократиялық бағытта дамуына ықпал етеді деп айта аламын. Жастар қауымы оны қызу қолдайды.
Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да мазмұндық жағынан өте терең әрі жан-жақты құжат болып табылады. Жолдауда еліміздің әрбір азаматы өзін қызықтыратын, өз мүддесіне сай келетін мәселелерді кездестіретіні сөзсіз. Мысалы, студент ретінде мені Жолдауда көрсетілген төртінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту қызықтырады. Осы басымдықтың аясында Қазақстандағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны жаңа экономикалық өсім моделінің орталық буыны ету қарастырылған. Ол үшін оқу бағдарламалары сыни ойлау және ақпаратты өз бетінше іздеу машықтарын дамытуға бағытталатын болады. IT білім мен қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Ең бастысы, үш тілді білім беруге сатылып көшу жүзеге асырылады. Сол себепті, мен алдағы уақытта оқуымды жалғастырғым келсе, онда өз елімде – Қазақстанда жалғастыратын боламын.
Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағаны да менің назарымды аударды. Аталған бағдарлама аясында алдағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион адам баспанамен қамтылмақ. Польшадан елге қайтқан соң, жас маман ретінде осы бағдарламаға құжат тапсыруды жоспарлап отырмын.
Жолдаудағы аса маңызды мәселелердің бірі, екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту деп ойлаймын. Бұл барша қазақстандық үшін аса зор маңызға ие. Елге оралғаннан кейін бизнес саласында бағымды сынап көрсем деген жоспарым бар.
Сөз соңында барша отандастарыма Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелерді табысты жүзеге асыруды тілеймін. Уақыт талабынан туындаған бұл құжат еліміздің одан әрі гүлденуіне ықпал ететіндігіне сенімдімін. Елден тыс жерде ұзақ уақыт жүрген жастар бұл құжаттың қаншалықты зор маңызға ие екендігін жақсы түсінеді.

Бақытжан САПАР,
Польшадағы «Барыс» Қазақстан жастары қоғамының президенті