10 Наурыз, 2017

Қазақстанның индустриялық дамуының жаңа кезеңі

528 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономика дамуының жаңа векторын белгіледі, ол ең алдымен экономиканың технологиялық жаңғыртылуына бағытталады. Алға қойылған бес басым­дықтың ішінен бірінші кезек­ке экономиканы үдемелі тех­но­логиялық жаңғырту шыға­рыл­ды. Бұрындары қиял-ға­жайыптай көрінетін идея­лар бүгінде әлемде нақты іс жүзіне асып отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Биылғы жылдың ақпан айы­ның басында Bloomberg жапон­­дық SoftBank ком­пания­сын­ың жасанды интеллектіге ие Pep­per гуманоид роботы аме­рика­лық әуежайлардың бірі­нің толық­қанды қызмет­керіне айналғаны туралы мақала жариялады. Бұл – алғашқы қар­лығаштардың бірі. McKinsey компаниясының зерттеу бол­жамдарына сүйенсек, алда­ғы уақытта өндірістік үде­ріс­­­тер­дің 59%-ына дейін авто­мат­­­тандырылатын болады. Соңғы уақыттардағы бар­­лық әлемдік трендтерді ес­керсек, Жолдауда 3D-прин­тинг, онлайн-сауда, мобильді бан­­­кинг, цифрлық сервистер тәріз­­­ді цифрлық технологиялар қол­­данылатын жаңа индус­трия­ны кеңінен тарату қажеттілігіне ерекше басымдық берілді. Бұл тұста жаңа индуст­рия­ларды құрумен қатар, өнер­кәсіп­тік, АӨК, көлік және ло­гис­тика тәрізді дәстүрлі не­гіз­гі салаларды дамытуға сер­­пін беру қажет екендігі ерек­ше атап көрсетілді. Бүгінде Қазақ­стан индустриялық-ин­но­вациялық даму бағытына сенімді түрде бет алды. Бірінші кезекте бұл, әрине, өндіріс. 2015-2016 жылдардағы дағдарыс жағдайларында біз кәсіпорындардың индус­трия­лық-инновациялық бағ­дар­ламаға қомақты үлес қос­қаны­ның куәсі болдық. Жаңа кәсіп­орындардың іске қосылуы бюджеттің шикізаттық тауарлар экспортының төмендеуінен болатын шығындарын жойды. 2016 жылы алғаш рет 10 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің өн­ді­ріс көлемі көмірсутекті ши­кі­­­затты өндіру көлемінен асып түсіп, 0,7% өсімді көр­сетті. Өткен жылдың қорытын­ды­лары бойынша шикі мұнай мен табиғи газды өндіру көле­мі 7,3 трлн тең­гені, өңдеу өнер­кәсі­бі өндір­ісі­нің көлемі 7,7 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасының жүзеге асырылуы өңдеу өнеркәсібіндегі өн­діріс көлемі нақты өсімінің төмен­деуіне мүмкіндік бермеді. Сөй­тіп, аталған бағдарлама биз­­несті жүргізу үшін қолайлы жағ­дай­лар қалыптастыруға оң әсерін тигізген осындай басқа да даму бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асырудың негізгі ықпал етуші күшіне айналды. Экономиканы әртараптан­дырудың таңдалған бағытының дұрыс­тығын халықаралық қар­жы институттары мақұл­дады. Халықаралық валюта қоры 2017 жылдың 8 ақпанында Қазақстан экономикасының 2017 жылдағы өсімінің болжамын 2,5%-ға дейін арттырды. Экономика өсімі 2017 жылы да, орташа мерзімді келешекте де жылдамдай түседі деген болжам бар. 2017 жылы экономика өсімі 2,5%-ға жетеді деп шамалануда, оның ішінде мұнайлы емес салалар бойынша 2021 жылға қарай 4% өсуі тиіс. Жолдауда бизнесті жүргізу үшін қажетті инфрақұрылым­ды және қолайлы жағдайларды да­мытудың маңыздылығы ерек­­­ше атап өтілді, оның ішін­де са­­лық жеңілдіктері, жеңіл­детіл­ген виза және еңбек режім­дері бар. PricewaterhouseCoopers ауди­торлық компанияларының ма­ман­дары дүние жүзіндегі 32 ірі эко­номикаға талдау жасап, сатып алуға жарамдылығы­ның тепе-теңдігі бойынша ІЖӨ көлемі рейтингін құрды. «2050 жыл­дағы әлем» баяндама­сын­да экономикасы дамып келе жатқан елдерге ұзақ мерзім­ді өсім әлеуетін жүзеге асы­ру үшін өз институттары мен инф­­ра­­құрылымдарын нығайту қажет­­тігі атап өтілді. Бұл тұр­ғы­­дан алғанда, Елбасының кө­р­егендігін халықаралық сарап­шылар да нақтылап отыр. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» және 5 институттық реформаларды жүзеге асыру бо­йынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен негізгі даму бағ­дар­ламаларында отандық эко­номиканы дамытудағы кәсіпкер­ліктің рөлін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Бұл тұста 2050 жыл­ға қарай шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесін 50%-ға дейін қамтамасыз ету бо­йын­ша нақты мақсат қойыл­ған. Жаһандық шикізат нарық­тарында бағаның тұрақ­сыз­дығына байланысты әлемдік тәжі­­рибе өңдеу секторын дамы­ту қажеттігін көрсетті. Сер­пін­ді технологиялар туралы әңгі­ме болғанда, бұл бірінші кезек­те машина жасау саласы еке­нін айта кеткен жөн. Маши­на жасау саласының ықпалы іргелес салаларда 10-ға дейін қосымша жұмыс ор­нын құру мүмкіндігімен сипат­та­лады. Тіпті, қазіргі күр­делі жағ­дай­лардың өзінде отан­дық машина жасаушылар халық­ара­лық трансұлттық компания­лармен бірлесіп, бағаның жаһан­дық тізбегін құруда. Келесі кезең өңдеу өнер­кәсі­бін­дегі қосылған құн ­дең­­­гейін біртіндеп арт­тыру қа­жет­­­тілігі болады: агроөнер­кә­сіп­­тік ке­шен­де және тамақ өнер­­кәсі­бін­де шикізат өңдеу ба­ры­сы тере­ң­ірек болуы, ал тау-кен ме­тал­­лургиясы кешені мен ма­ши­­на жасауда жоға­ры­рақ ж­әне күрделірек шектерге көшуі керек. Неліктен Елбасы Жолдауы нақ бүгінгі күнде аса өзекті бо­лып отыр? Оның жауабы ай­қын: егер Қазақстан қазірдің өзінде Төртінші өнеркәсіптік төң­керістің алдында болмаса, ертеңгі күні экономикалық өсім қарқынынан айырылып қалуы ықтимал. Халықаралық еңбек ұйымы қазіргі экономика жағдай­ларын­да жұмыс күшінің арзан­дығы бұрынғыдай рөл атқар­майтынын атап өтті. Себеп: роботтар конвейердегі және ұжымдық жұмыстарды біртін­деп жақсырақ орындауда, сонымен қатар, олар бұрынғы­дан арзанырақ бола түсуде. Дүниежүзілік экономи­калық форумның (WEF) бол­жамынша, 2020 жылға қарай роботты техника мен жасанды интеллектінің дамуы 5 млн жұмыс орнының қысқаруына әкеледі екен. Бұл есеп қатарында Австралия, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ тәрізді елдер бар және барлығы 15 дамыған елді қамтиды. 2016 жылы Давостағы Дүние­жүзілік экономикалық форумда Төртінші өнеркә­сіптік төңкеріс үшін физи­ка­лық, цифрлық және био­ло­гиялық салалардың арасын­дағы шекараны жоятын тех­нологиялардың үйлесімі тән болатыны атап өтілді. Өндірістің негізгі фактор­ларына капитал емес, талант айналады. Бәсекелестік деңгейі бірнеше есеге артады, себебі, нарық «қарапайым дағдылар – қарапайым жалақы», «қомақты дағдылар – қомақты жалақы» қағидаты бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған жаһандық өзгерістерді ескере отырып, Ел­басы Қазақстан дамуының ең маңыз­ды әрі жауапты кезеңінде тех­нологиялық жаңғыртудың жаңа бағытын белгіледі. Тағдыршешті осы кезеңде бізге ауызбіршілік пен іс-әрекеттеріміздің үйлесімділігі керек. Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруының барлық белгі­лен­ген бес басымдығын орын­да­ғанда ғана, біз әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына ену жоспарына қол жеткізе аламыз. Біздің күшіміз – бірлікте. Мейрам Пшембаев, Мәжіліс депутаты