«Барыс» командасының бас бапкері Эдуард Занковец Магнитогорскінің «Металлургіне» қарсы өткен алғашқы ойын жайлы пікір білдірді.
«Командамыз нашар ойнады деп айта алмаймын. Бірақ жеңіске жету үшін лайықты түрде қарсылық танытпады. Жігіттер келесі раундқа шыққан екен. Енді соңына дейін күресетін боламыз. Бұл ойындағы кемшін тұстарымыз көп болды. Ең басты қателігіміз – өткір шабуылдарға шыға алмадық», – деді Эдуард Занковец.
«Жақсы қақпашы – жарты команда» демекші Хенрик Карлссон кезекті рет жоғары деңгейде ойын көрсетті. «Тракторды» жеңгеннен кейін арада үзіліс болған, қазіргі уақытта оны ауыстырудың еш қисыны жоқ секілді», – деді бас бапкер.
Айта кетейік, кеше «Барыс» Магнитогорскіде өткен кездесуде 0:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Матчта алғашқы гол 11-минутта соғылды. Бұл тұста Оскар Осала мергендігімен танылды. Кездесудің екінші кезеңі қаншалықты тартысты өрбігенмен, есеп өзгеріссіз күйде қалды. Ал соңғы 20 минутта айдын иелерінің мерейі үстем болып, біздің командаға үш бірдей шайба соғып кетті. Алдымен, 44-минутта Томаш Филиппи жерлестерімізді қапы қалдырса, араға бес минут салып Ян Коварж басымдықты арттыра түсті. Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Данис Зарипов соңғы нүктені қойды.
Қос ұжымның арасындағы келесі матч 11 наурыз күні Магнитогорскіде өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады. Осыдан кейінгі екі ойы Астанада 13 және 15 наурызда өтеді. Келесі кезеңге төрт мәрте жеңіске жеткен команда жолдама алады.
• 10 Наурыз, 2017
«Барыс» өткір шабуылдарға шыға алмады – Эдуард Занковец

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше