10 Наурыз, 2017

Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Кореяның Конституциялық кеңесі президент Пак Кын Хенің импичментін бекітті, - деп хабарлайды ВВС. Ел парламенті сыбайлас жемқорлық деректерінің шығуына байланысты өткен жылдың 9 желтоқсанында импичмент жариялаған болатын. Конституциялық кеңестің шешімі жұмада YTN оңтүстіккореялық телеарнасының тікелей эфирінде жарияланды. Кеңестің сегіз судьясы парламент шешімін мақұлдауға дауыс берді. Енді Пак Кын Хе мемлекет басқарудан түбегейлі шеттетіледі, ал 60 күн ішінде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Импичмент жарияланбаса, президенттің өкілеттігі 2018 жылдың ақпанында аяқталар еді, ал сайлау биыл 20 желтоқсанда өтер еді.  Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған.