10 Наурыз, 2017

ҚР-дағы шағын және орта бизнестің бет алысы және ІЖӨ-ге үлесі

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,6 пайызды құраса, республикалық еңбек нарығындағы үлесі 36 пайыз. Ал әлем бойынша шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 63 пайыз ал, еңбек нарығындағы үлесі 47 пайызды құрайды. Өңірлер бойынша ішкі жалпы өнімді құрауда ШОБ-тың үлесі ең көп Астана қаласы (46%), БҚО (40%) және Алматы қаласы (29%). Шағын және орта бизнес құрылымынжа жеке кәсіпкерліктің (ЖК) үлесі жоғары. Олар негізінен жоғары біліктілікті қажет етпейтін сауда салаларында жұмы істейді. Ал қазіргі таңда өнімді жоғары қосымша құнмен шығаруға, инновациялық және тиімді тетіктерді енгізуге бет бұру әлемдік трендке айналуда. 2017 жылдың қаңтар айы соңында Қазақстанда 800 мың ЖК (жеке кәсіпкерлік) саналған. Бұл елдегі жалпы шағын және орта бизнес санының 69 пайызын құрайды. Өткен жылдан бері бұлар 15 пайызға азайған екен. Соның ішінде жеке кәсіпкерліктердің 47 пайызы сауда саласында. Азия Даму Банкінің мәліметінше, Қазақстандағы ЖК өнімділігі өте төмен. ЖК-дағы бір қызметкердің жылдық өндіріс көлемі 3 мың доллар болса, шағын және орта кәсіпорындарда бұл көрсеткіш 27 мың долларға жетеді. Шағын кәсіпорын (заңды тұлға) саны бір жылда Қазақстанда 8 пайызға артып, 191 мыңды құрады. Шағын кәсіпкерліктердің 30 пайызы саудада болса, 16 пайызы құрылыс саласында. 2015 жылдан бері шағын және орта бизнесті қаржыландыру қарқын ала бастады. 2014 жылдан бері банктердің берген несиесі 2,3 есеге артты. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда несие көлемі 29 паыз ұлғайып, 3 трлн теңгеге жетті. Алайда, Азия Даму Банкінің мәлімітенше, шағын және орта бизнестің тек 19 пайызы ғана несие алады екен. Ал қалғандарының қаржыландыру көздерін кәсіпорын иелері өздері қарызданып жүріп қамтамасыз ететін болып шықты. Оған себеп бизнестің несие тарихының наашарлығы немесе қажетті құжаттардың болмауы. Несиенің берілетін негізгі салалары сауда (37%), құрылыс (13%), өнеркәсіп (13%) және экономиканың негізгі секторына кірмейтін өзге де салалар.