10 Наурыз, 2017

ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы техникасы арзандайды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) әзірше Одақта шығарылмайтын ауыл шаруашылығы техникасына арналған жиынтықтаушы бұйымдар өндірісін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.

«Бұл шешім ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін техника импортын ұлғайту жағдайларында әсіресе өзекті. 2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы импорты 18% өскен. Бұл жерде электрондық компоненттер, қозғалтқыштар мен трансмиссиялар туралы сөз қозғалады. Көлемнің төрттен бір бөлігіне жуығын жиынтықтаушы бұйымдар құрайды», - деп түсіндірілді Еуразиялық экономикалық комиссияда.

Өсім ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлері өндірісінің тұрақтауымен байланысты. Ресейлік өндіріс өнімі алғаш рет ауыл шаруашылығы машиналары нарығында басым бола бастап, 2016 жылы ЕАЭО нарығының жалпы көлемінен 54% құрады. Қымбат бағалы бұйымдар импортын қысқарту ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің құнын төмендетеді, бұл дайын өнім бағасының төмендеуіне әкеледі. Болашақта осы шара жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсер етіп, Одақ мемлекеттерінің техникалық деңгейін арттыруға және жаңа технологияларды игеруге ынталандыруға ықпал етеді. Саланы дамыту үшін инвестициялар тарту, ЕАЭО аумағында ұқсас өнімдер өндірісін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру, шетелдік өндірушілердің қатысуымен мұндай өндірістерді ұйымдастыруға жәрдемдесу сияқты механизмдер пайдаланылатын болады. Осылайша, ЕАЭО кәсіпорындарында инновациялық кәсіпорындар құру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды қаржылай қолдауға бағытталған шараларды қолдану, жиынтықтаушы бұйымдарды өндіру үшін қажетті жабдықты жеңілдікті шарттарда лизингке алу, мүше мемлекеттердің аумағында шығарылатын жиынтықтаушы ұқсас өнімдердің сәйкестігін растау мүмкіндігі болады.