10 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы теңгені төмен тартуда

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 наурыз күні ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреп, долларға шаққандағы бағамы 318,27 теңгеге тең болды. Еске салайық, 9 наурызда доллар бағамы 316,88 теңге болған еді. Ал кеше кешке қара алтын құны 52 доллардан төмен түсіп кеткеннен кейін, бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:08-де қайта 0,69 пайызға қөымбаттап 52,55 долларға тең болды.