Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бірер күн бұрын Golden Boy Promotions компаниясының вице-президенті Эрик Гоместің сөздеріне қатысты пікір білдірді.
Ол Головкин осы жазда Билли Джо Сондреспен жекпе-жек өткізсе, қыркүйекте ұйымдастырылуы тиіс Альвареспен айқасына кедергі келтіретінін мәлімдеген болатын.
«Головкин Сондерспен бокс кешін ұйымдастырар болса, «Канеломен» өтетін кездесуіне кедергі келтіруі мүмкін. Себебі, Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыру біраз уақытты қажет етеді. БАҚ өкілдерімен, тағы да бірнеше тараппен келісімге келу керек», – деді Альвареспен тығыз жұмыс істейтін промоутерлік компанияның вице-президенті.
«Канело» менімен күш сынасқысы келсе, хабарлассын. Кез келген уақытта дайынмын. Маған келісімшартын ұсынсын, дәл сол күннің ертеңінде қол қойып беремін. Бокс кеші мамырда ма, маусымда ма, шілдеде өте ме, маңызы жоқ. Екеуіміздің жекпе-жегімізді бүкіл әлем күтіп отыр», – деді Головкин Los Angeles Times тілшісімен болған сұхбатта.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 18 наурызда америкалық Дэнниел Джейкобсқа қарсы айқасын өткізеді. Бұл кешті елімізде 19 наурызда 08:00-де «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Ал Сауль Альварес 6 мамырда отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен қолғап түйістіреді.
• 10 Наурыз, 2017
Альварес жекпе-жекке шыққысы келсе, маған хабарлассын – Головкин

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше