10 Наурыз, 2017

«Тұмар» телевизиялық бәйгесі үшін 214 жұмыс келіп түсті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Телевизиялық өнер саласында жоғары жетістіктері үшін берілетін «Тұмар» бірінші ұлттық телевизиялық бәйгесіне 214 жұмыс келіп түсті.  Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды. «Қымбатты достар, 7 наурызда «Тұмар» телевизиялық сыйлығы үшін өтініштер қабылдау аяқталды. Бұған дейін айтылғандай, бұл жобаның мақсаты - журналистер қауымын шығармашылық ізденіске ынталандырып, осы саланың дамуына серпін беру. Сонымен, 12 аталым бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 214 жұмыс келіп түсті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ақпарат саласындағы танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасының іріктеуінен өтеді», - деп жазды министр. Дәурен Абаевтың айтуынша, «Тұмар» телевизиялық сыйлығы үшін марапаттау рәсімі 17 наурызға белгіленіп отыр. Естеріңізге сала кетсек, телевизиялық өнер саласында жоғары жетістіктері үшін берілетін «Тұмар» Ұлттық телевизиялық жүлде телекомпаниялар қызметкерлерінің, шығармашылық ұжымдардың, продюсерлік орталықтардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, Қазақстанның көпұлтты халқының салттарын сақтау және бірлігін қалыптастыруға бағытталған.