10 Наурыз, 2017

Пәтер жалдауды заңдастырудың арқасында Астана бюджетіне 18 млн теңге түсті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде тиісті тіркеусіз пәтерді жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты. Аталған шараны Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесе өткізуде. Шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді, мемлекеттің кірісіне 18 млн теңгеден аса қаржы түсті. «Жүргізіліп жатқан жұмыс оперативті жағдайға оң ықпал етіп, жалға берілетін пәтерлерде тұратын адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Астана қ. МКД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде қала бюджетіне 85 600 000 теңге кіріс түсті», - деп мәлім етті Астана қ. ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Госман Жакин.