Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 19 жасар жігітті қарумен ұстады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.
Полицейлер көшеде күмәнділеу көрінген сөмке асынған жігітті тоқтатқан. 1998 жылғы Шымкенттің тұрғыны сөмкеге «Chick» деп аталатын мылтықты салып алыпты. Күдікті бұл мылтықты көшеден тауып алдым деп айтады. Полицейлерді мұндай дәлелмен алдап кету қиын. Өйткені, суық қарумен ұсталғандардың дені осы ертегіні айтады.
Жақында ғана Шымкенттегі мешіттің қасында атыс болып, 14 жасар бозбала қайтыс болған еді. Бір адам ауру халде ауруханаға жеткізілген. Бір-бірін жақсы білетін адамдардың тұрмыстық кикілжуі осындай ауыр зардапқа ұрындырды. «Көшеден тауып алған» мылтықтың атылмай қоймайтындығы анық. Енді осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 287-бабы «заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды өткізу» бойынша құжатталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше