Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың келесі қарсыласы анықталды. Ол АҚШ-тың Майами қаласында 17 наурыз күні мексикалық Габино Готамен жұдырықтасады, деп хабарлады vesti.kz.
Жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек алты раундқа созылады.
«Қарсыласымды ұзақ таңдадық. Небәрі 23 жаста болса да өте тәжірибелі спортшы. Кәсіпқой рингке шыққанына алты жыл болған. Әрине, өзіме өзім сенімдімін. Жеңіске жету үшін барымды саламын. Чемпиондық атаққа апарар жекпе-жектердің бірі болайын деп тұр. Мені алда нағыз сын сағаты күтіп тұрғаны анық», – деді Айдар Шәрібаев.
Жерлесіміз Майамидегі Moro’s Gym залында кубалық бапкер Осмири Фернандестің қарамағында дайындалып жүр. Жаттығу жұмыстары кезінде Лондон Олимпиадасының чемпионы Люк Кэмпбелмен спаррингтік жекпе-жек өткізген.
Айта кетейік, Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. BoxRec рейтингінде 253-орында келеді. Ал Габино Гота 27 рет рингке шығып, 19 кездесуін жеңіспен аяқтаған. Сондай-ақ, біреуінде тең түссе, қалған алтауында қарсыласына есе жіберген. Рейтингте 187-орында тұр.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше