10 Наурыз, 2017

Мұнай мен теңге аптаны “минуспен” жапты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары таңғы сессиямен салыстырғанда 0,69 теңгеге арзандап, 317,56 теңгеге тең болды. Бір күндік нәтижемен салыстырғанда нығайған ұлттық валюта дүйсенбіден бергі бес күн ішінде 1,71-ге төмендеген. Ал мұнай бағасына келер болсақ, нарық осы апта аумалы-төкпелі болды. Апта басында шыққан АҚШ энергетика министрлігінің мәлімдемесі мен ОПЕК ұйымының мұнай өндірісін азайту туралы жұмыстарының бүгінге дейінгі нәтижелері Брент бағасын екі жаққа тартумен болды. Оған қоса, доллардың құнының нығаюы да бағаға кері әсерін тигізбей қоймады. Нәтижесінде, апта басын 55,80 доллар айналасында бастаған қара алтын құны аптаның екінші күні 56,42 долларға дейін көтеріліп кетті. Ал сейсенбі мен бейсенді аралығында баға 55 долалрдан 53 долларға дейін төмендеп, жұманы 52 доллардың айналасында қорытындылады. Жұма күні 52,40 долларға тұрақталған Брент құны осылайша бір аптада 3,50 долларға дейін жоғалтты.