Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі жарақатына байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді, деп хабарлады allfight.ru.
«Өздеріңіз білетіндей, Фирузаның келесі айқасын 1 сәуірге жоспарлаған едік. Бірақ өткен кездесуінің алдында алып қалған жарақатының салдарынан бұл жоспарымызды жүзеге асыра алмайын деп тұрмыз. Шәріпованың емделуіне біраз уақыт қажет екен. Юлия Чернобородоваға қарсы кездесуінен кейін медициналық тексерістен өтті. Қазіргі уақытта денсаулығына қауіп келерліктей ешнәрсе жоқ, ота жасалмайтын болды. Бірақ ақхалаттылар бізге 21 күн бойы жұдырықтаспауды, яғни спарринг өткізбеуді кеңес етті. Ал мұндай жағдайда жекпе-жекке толықтай дайын болу мүмкін емес. Сондықтан Фируза шаршы алаңға 22 сәуірден кейін оралады. Нақты күнін әлі де талқылауымыз қажет», – деді Сергей Завилейский.
«Қазіргі уақытта ем қабылдап жүріп, деңгейін сақтау үшін жаттығу жұмыстарын да өткізіп жатыр. Ал спаррингке толық жазылғаннан кейін барып ораламыз. Келесі ретте Шәріпованы бұдан да жақсы күйде көреміз деп сенемін», – деді менеджері.
Айта кетейік, 4 наурыз күні Балашиха жерінде Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Чернобородовамен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл айқасының алдында ол спарринг жаттығу кезінде қарсыласымен соқтығысып қалып, мұрнын жарақаттаған күйі шыққан. Қазақстандық боксшының командасы ендігі титулды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
• 10 Наурыз, 2017
Боксшы Фируза Шәріпованың айқасы жарақатына байланысты кейінге шегерілді

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше